​Қонақтардың жылы лебізі


Мектебімізге келген Қазақстан Республикасының сенат депутаты Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы және мектебіміздің қадірлі меймандары өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, оқу орнының жоғары деңгейін атап өтті. Олар оқушылардың жетістіктеріне таңданып, білімге деген ұмтылысты ерекше бағалады. Кездесу барысында еліміздегі білім беру жүйесі, жасөспірімдердің дамуы мен мүмкіндіктері туралы маңызды пікір алмасты.