Спорт үйірмелері

Шахмат үйірмесі – зияткерлік ой-өрісін кеңейтетін бірегей алаң. Бұл үйірме оқушылардың логикалық және сыни ойлау дағдыларын дамытып қана қоймай, стратегиялық жоспарлау мен уақытты тиімді пайдалануға үйретеді. Шахмат ойыны балаларға жеңіске жету үшін табандылық танытуды, ал жеңілісті қабылдай білуге шыдамдылықты үйретеді.


Дзюдо үйірмесі- оқушылардың физикалық дамуына ғана емес, тәртіп пен рухани тәрбиесіне де бағытталған. Бұл үйірмеде оқушылар түрлі техникалық әдістерді үйреніп, күш пен икемділікті арттырады. Сонымен қатар, дзюдо сабақтары балаларды шыдамдылыққа, сабырлылыққа және өз эмоцияларын бақылауға үйретеді. Дзюдоның философиясы – қарсыласқа құрметпен қарау және өз күшін дұрыс қолдана білу.Оқушылар мектепішілік, қалалық және республикалық жарыстарға қатысып, өз қабілеттерін сынайды. Бұл оларды табандылыққа, еңбекқорлыққа және жеңіске жету үшін өздерін шыңдауға ынталандырады. Дзюдо арқылы балалар денсаулықтарын нығайтып, өзіне деген сенімділікті арттырады.


Таеквондо – жекпе-жек өнерінің ерекше түрі, ол тек дене шынықтыру ғана емес, рухани тәрбие де береді. Бұл үйірмеде оқушылар түрлі әдіс-тәсілдерді үйреніп, өзін-өзі қорғауға машықтанады. Таеквондо баланың денсаулығын жақсартып, өзіне деген сенімділікті арттырады. Сондай-ақ, жарыстарға қатысу арқылы балалар жеңіске жету жолында еңбекқорлық пен табандылыққа үйренеді.