25 қараша күні, 8”В” сыныбына алгебра пәнінен “Квадрат теңдеулерді шешу” тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді
Мақсаты:
Оқушылардың квадрат теңдеулердің анықтамасы мен түрлерін меңгеруін қамтамасыз ету, оларды шешу дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында
• Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріліп, психологиялық ахуал орнатылды.
• Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелері таныстырылды.
• “Нысана” әдісі қолданылды: Оқушылар әрбір дұрыс жауап арқылы нысананы дәлдеуге тырысты. Бұл әдіс оқушылардың белсенділігін арттырып, өткен тақырыптарды бекітуге көмектесті.
• Квадрат теңдеудің анықтамасы мен түрлері қайталанды.
• Формулалар (толымсыз квадрат теңдеулерді шешу, дискриминант арқылы шешу) талданды.
• Жеке тапсырмалар: Әр оқушыға деңгейлік тапсырмалар берілді.
• Тақтамен жұмыс: Бірнеше оқушы тақтаға шығып, өз шешімдерін түсіндірді.
• “Миллион кімге бұйырады” ойыны: Сабақтың қызықты әрі бәсекеге толы бөлігі болды.
🔸Сабақ соңында оқушылар “Менің әсерім” әдісі арқылы өз эмоцияларын және сабақтың пайдалы тұстарын қағазға түсірді.
Сабақтың жетістіктері:
• Оқушылар квадрат теңдеулерді шешудің әдістерін жақсы меңгерді.
• Әртүрлі әдістер қолдану сабақтың динамикасын арттырып, оқушылардың қызығушылығын оятты.
• Рефлексия арқылы оқушылардың сабаққа көзқарасы анықталды.
Ашық сабақ өз мақсатына жетті деп айтуға болады. Әртүрлі әдістер мен ойын элементтері оқушылардың білімді тез әрі тиімді меңгеруіне ықпал етті.
Пән мұғалімі: Сырлыбай Зульфия Сәбитқызы
Математика пәнінен ашық сабақтың жоспары
Тақырыбы: "Құрама есептерді шығару"
Сынып: 2
Уақыты: 45 минут
Сабақтың мақсаты:
- Құрама есептердің шешуін санды өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдеу.
- Құрама есептерді талдауға және олардың шешімін табуға үйрету.
- Логикалық ойлау, математикалық сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
Сабақ барысы:
- Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріліп, психологиялық ахуал орнатылды.
-Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелері таныстырылды.
-.«Сәттілік фортунасы» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұралып, өткен тақырып еске түсірілді.
- «Есептеп көр» әдісі арқылы есептер шығарылды.
-Сынып оқушылары «Бүркіт әдісі» арқылы бөлінді. Әр топқа есептер беріліп, оқушылар бірлесе отырып тапсырманы орындады.
- Жеке тапсырмалар: Әр оқушыға жекелей тапсырмалар берілді.
-Тақтамен жұмыс: Бірнеше оқушы тақтаға шығып, өз шешімдерін түсіндірді.
-Сабақ соңынды оқушылар смайликтермен бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.
Сынып жетекшісі: Абилдаева Ж.Ж