• Басты бет
  • /
  • Жаратылыстану пәндері бойынша қалалық ғылыми-интеллектуалды сайыс
Жаратылыстану пәндері бойынша қалалық ғылыми-интеллектуалды сайыс

❇️2024 жылдың 28 қарашасында “Ұлағат” мектебінің ұйымдастыруымен жеке мектептер арасында “Ұстаз тұғыры — озат оқушымен” атты ғылыми-интеллектуалды сайыс өтті. Бұл шара дарынды оқушылар мен олардың ұстаздары үшін білімдерін сынап, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге тамаша мүмкіндік болды.

❇️Біздің мектебіміздің жас әрі талантты мұғалімі Құттыбай Айдана шәкірттерімен бірлесіп сайысқа қатысып, үздік нәтиже көрсетті. 8”Ә” сынып оқушысы Берікқызы Диана мен 8”В” сынып оқушысы Досай Тоты командалық сайыста өз білімдерін дәлелдеп, жүлделі III орынға ие болды.

Бұл жетістік – ұстаз бен шәкірттердің қажырлы еңбегінің, шығармашылық ізденісінің және өзара тығыз ынтымақтастықтың жемісі.

Жеңіс құтты болсын! Білім көкжиегін бағындыра беріңіздер!

Мектеп ұжымы сіздерге әрдайым сәттілік тілейді!👏🏻🏆